Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды Темірхан Досмұхамбетов. Фото: parlam.kz

Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды. Депутаттар 1 қарашада қайтыс болған Темірхан Досмұхамбетовті еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды. Депутаттар 1 қарашада қайтыс болған Темірхан Досмұхамбетовті еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еліміздің дамуына орасан зор үлес қосқан нағыз бірегей тұлға Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовті көбіңіз танисыз. Мемлекет қайраткері, ол Қазақстан тәуелсіздігі бастауында Елбасымен бірге болғандардың бірі. Ол әртүрлі салада қызмет етті. Туризм және спорт министрі, елорда әкімі болды, Ұлттық Олимпиада комитетін басқарды, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Қай жерде жұмыс істесе де тамаша нәтижеге қолжеткізді", - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Ол соңғы кезде Темірхан Досмұхамбетов ауыл шаруашылығымен айналысқанын айтты. Ол басқарған "Байсерке-Агро" ғылыми-өндірістік холдингі бүгінде Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал.

"Ол шынымен де, өте жауапты, шыншыл, еліміздің нағыз патриоты еді. Тағы да бүкіл депутат корпусы атынан отбасының, туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Бір минут үнсіздікпен әріптесімізді еске алуды ұсынамын", - деді Нығматулин.

Темірхан Досмұхамбетов 1 қарашада қайтыс болды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети