Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өтеді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде - 19 наурызда өтеді. Мұндай шешімді Орталық сайлау комиссиясы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде - 19 наурызда өтеді. Мұндай шешімді Орталық сайлау комиссиясы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәжіліс депутаттарын да, барлық деңгейдегі мәслихаттарға да бір күні, 19 наурызда сайлау өткізу ұсынылады. Біз ОСК мүшелерімен бұл мәселені талқыладық. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкенттің аумақтық сайлау комиссияларына тиіс шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров отырыс барысында.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы Президенттің Жарлығы негізінде тағайындайтынын және мәслихаттар өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс екенін айтты.

Тіркеу мерзімі 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін өтетіні нақтыланды. Сайлауалды үгіт тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінен бір күн бұрын жергілікті уақыты бойынша сағат 00-де аяқталады - 18 Ақпан 18:00-ден 18 наурыз 00:00-ге дейін.

Осылайша, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлаудың жалпы ұзақтығы тағайындалған күннен бастап дауыс беру күніне дейін 59 күн болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro