30 қараша 2016 10:19

Мәжіліс рақымшылық жасау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Qazaquni.kz © Qazaquni.kz

Қазақстан Парламентінің Мәжілісі рақымшылық жасау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Парламентінің Мәжілісі рақымшылық жасау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заң жобасы әлеуметтік-осал санаттағы азаматтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған немесе кембағал балалары бар әйелдер, кембағалдар, егде адамдар және ауыр емес қылмыс жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершіліктен босатуды қарастырады. Заң жобасымен рақымшылық жасалатын және рақымшылық жасалмайтын тұлғалар анықталады", - деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс отырысында. 

Оның айтуынша, өтелмеген мерзім орнына айыппұл немесе бостандықты шектеу тағайындалады, немесе мерзім қысқартылады. Заң жобасы бойынша заң енгізілген күннен бастап алты ай ішінде орындалады.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына елде рақымшылық жасауды ұсынған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети