Мәжілістің бірінші оқылымында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы мақұлданды. Заң жобасы Парламент Сенатына бағытталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасы салық саясатын жетілдіру және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамытуды, бизнес-ахуалды арттыру үшін әзірленді.Салық саясатының заң жобасы 2017 жылға дейін салық бағасының үстінен минималды қосындыны ұстап тұру үшін бағытталды. Заң жобасы арқылы Салық кодексіне 200-ден астам түзету енгізіледі.
Парламент Мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалаов айтып өткендей, депутаттар бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар өзгертулерді енгізді. Олар ҚР Үкіметінің шешімімен мақұлданды.
"Өзгертулер бағам айырмашылығы негізінде өскен салыққа қосылатын құнға байланысты коммерциялық емес ұйымдарды салықтан босатуды қарастырады. Сондай-ақ, шипажай мен балалар лагері және әлеуметтік нысандардың пайдалы қазбаларына қатысты ставкалардың төмендеуі де назардан тыс қалмайды. Оған қоса, кедендік органға өтініші жүгінген күні болмау талабы бір жыл ішінде құзыретті экономикалық оператор әкімшілік төлету өкімі шықпағанша квазимемлекеттік сектор субъектілері таратылмайды", - деді депутат.
Сондай-ақ, өзгертулер корпортативтік қосалқы салықты лизингтік компанияларға жеңілдік сақтауды қамтиды. Ол лизингтік қызмет құнын азайтып, сыйақының пайыздық көрсеткішін арттырады.