14 қазан 2024 | 16:03

Мәжіліс спикері “Орталық Азия - Корея“ парламентшілер форумында сөз сөйледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстан астанасында Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы парламенттері төрағаларының екінші кездесуі өтті. Іс-шараға Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан депутаттары делегациясы қатысты.


Иконка комментария блок соц сети

Түрікменстан астанасында Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы парламенттері төрағаларының екінші кездесуі өтті. Іс-шараға Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан депутаттары делегациясы қатысты.

Парламент басшыларының кездесуі "Бейбітшілік, өркендеу және өзара сенім жолындағы серіктестік" атты пленарлық сессиядан басталды. Өз сөзінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазіргі жаһандық климаттық және демографиялық сын-қатерлердің белең алуы, қақтығыстардың ушығуы, мемлекеттер арасындағы шиеленістер мен сенімсіздіктің өршуі жағдайында ұсынылған тақырыптың өзектілігін атап өтті.

"Қазіргі кезде Орталық Азия біртұтас өңір ретінде дамудың жаңа кезеңін бастан кешуде. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев оны "Орталық Азияның ренессансы" деп атады. Қазақстан аймақтың Кореямен сенімді саяси диалогты, экономикалық, инвестициялық байланыстарды дамытумен қатар, парламенттік дипломатияны да нығайтуға мүдделі. Біздің елдерімізді өсіп-өркендеу және жайлы қоғам қалыптастыру жолындағы ортақ мақсаттар біріктіреді. Бейбітшілік пен тұрақтылық аймақ елдері мен Оңтүстік Корея арасындағы берік серіктестіктің мызғымас негізі болуға тиіс", – деді Мәжіліс спикері.

Сонымен қатар Ерлан Қошанов Орталық Азия елдері мен Корея Республикасының тұңғыш парламенттік форумы елдеріміз үшін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін жұмыс алаңына айналғанын атап өтті.

Мәжіліс спикері әріптестерін өңірдің био және экожүйесін сақтау, климат өзгеруі мәселесін шешу, сонымен бірге су қауіпсіздігі мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында күш-жігерді біріктіруге шақырды. Ол Орталық Азия елдерінің су-энергетика консорциумын құру және 2026 жылы елімізде Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Өңірлік климаттық саммит туралы Қазақстан бастамасының өзектілігіне назар аударды.

Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы парламенттері төрағалары форумының қорытындысы бойынша бірлескен Декларация қабылданды.

Мәжілістің баспасөз қызметі. Суреттер: Талғат Таныбаев

Іс-шараға Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы У Вон Шик, Түрікменстан Меджлисінің төрағасы Дуньягозель Гулманова , Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Нурланбек Шакиев, Тәжікстан Республикасы Маджлиси Намояндагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзода, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжлисінің Заң шығару палатасының төрағасы Нуриддин Исмоилов және форумға қатысушы елдердің парламентшілері қатысты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети