Мәжіліс спикері Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауды "тарихи Жолдау" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қабиболла Жақыпов төменгі палатаның бүгінгі отырысын Қазақстан Президентінің 11 қарашада болған "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен бастады.

"Кеше мемлекет басшысы ерекше, ауқымды, тарихи жолдау арнады, ол "Нұрлы жол" атты жаңа экономикалық саясатты айтты. Ауқымды дейтін себебім, қандай орасан жоспарлар айтылғанын, мемлекеттің халыққа қандай үлкен көмек көрсететінін бәріңіз естідіңіздер", - деп бастады өз сөзін палата спикері.
Ол депуттаттық корпусқа Мемлекет басшысының Қазақстанның алдағы әлеуетінің дамуы векторын анықтау арқылы геосаяси жағдайға дәл баға бергенін ескертті. Парламенттің төменгі палатасының төрағасы өз әріптестерін Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жайлы ойлануға шақырды.
"Біз бүгіннен бастап үкіметпен қарым-қатынасты күшейтіп, бұл жоспардың заңнамамен қамтамасыз етілуін жылдамдатуға барлық шараларды жасауымыз керек. Қайталап айтамын, бұл біздің тапсырмамыз және міндетіміз. (...) парламенттің барлық фракциясының және Қазақстан халықтары ассамблеясының депутат-әріптестері, мен сіздерді Мемлекет басшысы айтқан жоғары деңгейдегі жауапкершілік пен алаңдаушылық білдіруді жете түсінуге шақырамын. Біз мүмкіндігіміз бен құзырымыз жеткен жерге дейін белсенді түрде қатысуымыз керек: Елбасы жолдауында анық көрсетілген барлық тапсырмаларды өз кезінде және сөзсіз орындауға жоспарымызды түзету", - деді палата спикері депутаттық корпусқа.
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев таяуда қазақстандықтарға жыл сайынғы Жолдауын арнап, "Нұрлы жол" атты жаңа экономикалық саясаттың басталғанын жария етті.