Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміз үшін қиын кезеңде Мемлекет басшысының барлық шешімі дұрыс әрі уақытылы қабылданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміз үшін қиын кезеңде Мемлекет басшысының барлық шешімі дұрыс әрі уақытылы қабылданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин бір минут үнсіздікпен басталған Палата бюросы отырысында Қазақстандағы жағдай туралы, сондай-ақ, ел Президенті қабылдаған шаралар туралы айтты.
Болған оқиғалар туралы айтып, осы қиын-қыстау кезеңде бәріне жауапкершілік таныту, бүкіл халықтың бірлігі мен тұтастығын сақтау маңызды екенін мәлімдеді.
"Бүгін ел тағдыры, мемлекеттің тұтастығы, қауіпсіздігі, Қазақстан тәуелсіздігін сақтау туралы сөз болғанда, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дұрыс және уақтылы шешім қабылдағанын көреміз. Сондықтан Парламент Мәжілісі алғашқы күннен бастап Мемлекет басшысының батыл қадамдары мен күш-жігерін қолдап қана қоймай, ел Президентінің барлық тапсырмасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге кірісті", - деді Нығматулин.
Мәжіліс спикерінің айтуынша, Жаңаөзенде және Ақтауда болған оқиғалар басталған алғашқы күннен бастап Палата депутаттары халықпен сөйлесті. Кеңес құрып, өзара тиімді шешім іздеп, үкіметтік комиссиямен бірге жұмыс істеді.
"Осы аралықта Мемлекет басшысының өз халқымен диалогты қолдағанын көріп отырмыз", - деді Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс Төрағасы депутаттар елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысқа белсенді түрде қатысу керек екенін айтты.
Бюро отырысында депутаттардың алдағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы жасалды.
Депутаттар жаңа заң жобаларын енгізуі тиіс. Олардың ішінде - тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша түзетулер, экологиялық тәртіпсіздіктер үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты ҚК, ҚІЖК және ӘҚБтК-не өзгерістер мен толықтырулар бар. Сонымен қатар, Мәжіліске келіп түскен заң жобалары қатарында "Жеке қосалқы шаруашылық туралы" түзетулер бар заң жобасы, кинематография және мәдениет мәселелері бойынша заңнамалық жаңалықтар, сондай-ақ, бірқатар ратификациялық заң жобалары бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!