Мәжіліс төрағасы Әбіш Кекілбайұлының мерейтойына Президенттің құттықтауын жеткізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Жаслан Жұмабеков Фото: Жаслан Жұмабеков

Ақтау қаласында халық жазушысы, көрнекті мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтау қаласында халық жазушысы, көрнекті мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысты.

Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы алдымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

"Әбіш Кекілбайұлы - төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтіп, жаңа деңгейге көтерген заңғар жазушы, классик қаламгер. Сөз зергері ерекше дарыны мен телегей-теңіз білімінің арқасында шеберліктің шыңына шығып, теңдессіз туындылар жазды. Әбіш Кекілбайұлы - тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп, мемлекеттігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан қайраткер. Ол жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, халқына қалтқысыз қызмет етті. Ұлт мүддесін және ел бірлігін қашанда бәрінен биік қойды. Әбіш Кекілбайұлының отаншылдығы, парасаттылығы, білімпаздығы мен еңбекқорлығы - өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Оның танымы терең, талғамы мол мұрасы әлі талай буынға рухани азық болары сөзсіз. "Қазақ даласының әр тасы - қағбам, әр бұтасы - сәждем" деп, Отанын шексіз сүйген абыз Әбіштің есімін ел жадында сақтау - баршамыздың ортақ парызымыз", - делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Мәжіліс спикері өз сөзінде Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдық мерейтойы шын мәнінде халықтың мерекесі, ұлттың тойы екенін атап өтіп, Алаш абызының адами болмысын, қайраткерлік қырларын еске алды.

"Әбіш Кекілбайұлы оқулары - 2024" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Түркия, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және отандық ғалымдар қатысты.

Сонымен қатар мерейтойға арналған "Әбіш әлемі" халықаралық театр фестивалі өтті.

Суреттер: Жаслан Жұмабеков

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.19  course up  596.34  course up  6.38  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer