05 наурыз 2024 | 17:00

Мәжіліс төрағасы Татарстан басшылығымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Талғат Таныбаев Фото: Талғат Таныбаев

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Қазан қаласына барды.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Қазан қаласына барды.

Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановқа жуырда ғана Қазанда өткен "Болашақтың ойындары" халықаралық турнирінің салтанатты ашылуына қатысқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді.

"Бұл – шын мәнінде спортты, ғылымды және технологияны біріктіретін өте креативті шешім. Осы тәжірибені әртүрлі салада іс жүзінде қолдану зор мүмкіндіктерге жол ашады. Сондықтан Президентіміз келесі "Болашақтың ойындарын" Қазақстанда өткізуді ұсынды", – деді Мәжіліс спикері.

Е. Қошанов өңіраралық өзара іс-әрекет туралы айта келе, Татарстан Ресейдің жетекші өнеркәсіптік аймақтарының бірі және біздің еліміз үшін маңызды серіктес екенін атап өтті.

Тараптар ынтымақтастықты, әсіресе, жоғары технологиялар саласындағы серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Мәжіліс спикері осыған байланысты Президент Қ.Тоқаев Қазақстанды "IT-мемлекетке" айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойғанын айтты.

Өз кезегінде Р. Минниханов Қазақстан Президентімен кездесуді ерекше ықыласпен еске алып, қазақ және татар халықтарының тарихи-мәдени деңгейдегі жақындығын атап өтіп, Қазақстан мен Татарстан IT-парктерінің әлеуетін біріктіруді ұсынды.

Кездесу соңында Татарстан Раисы Қазақстан басшылығының биыл Астанада "Ұлы Дала Дүбірі" ұранымен өтетін Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақыруын ризашылықпен қабылдады.

Сапар барысында Мәжіліс төрағасы Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесті. Онда Қазақстан депутаттарының заң шығару жұмысы туралы айтып, әріптестерін Мемлекеттік Кеңестің 30 жылдығымен құттықтап, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруда толағай табыс тіледі.

"Бізге парламентаралық байланысты дамытып, жиған тәжірибемен алмасу өте маңызды. Депутаттар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асуына жан-жақты атсалысуға тиіс. Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының негізін өңіраралық ынтымақтастық құрайды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының 89 субъектісінің 76-сымен тікелей сауда-экономикалық байланыс белсенді түрде дамып келеді. Олардың ішінде Татарстан көш бастап тұр", – деді Е. Қошанов.

Суреттер: Талғат Таныбаев

Тараптар Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Өз кезегінде Ф.Мухаметшин өзара мәдени және туристік байланысты нығайтуға шақырды. Ол сондай-ақ мәселелерді шешу және нақты жобаларды жүзеге асырудағы парламентшілердің тұрақты диалогының маңыздылығын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 513.05   541.44   4.69 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети