17 қыркүйек 2014 | 11:34

Мәжіліс Түркі академиясын құру туралы келісімді ратификациялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©almaty.enbek.gov.kz ©almaty.enbek.gov.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары “Түркі академиясын құру туралы Келісімді ратификациялау туралы” заң жобасын мақұлдады. Түркі академиясын құру - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары “Түркі академиясын құру туралы Келісімді ратификациялау туралы” заң жобасын мақұлдады. Түркі академиясын құру - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

“Келісім Түркі әлемі елдерін біріктіруді, ынтымақтастықты тереңдетуді, мәдени диалогты дамытуды қарастырады. Ал Түркі академиясының ғылыми зерттеу орталығы Астанада 2010 жылы Қазақстан мен Түркия республикаларының мемлекет басшыларының қатысуымен ашылған болатын. 2012 жылы Бішкек қаласында өткен түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің екінші саммитінде Түркі академиясын халықаралық ұйым ретінде құру туралы келісімге қол қойылды” - деді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуына қарағанда, аталған Келісімді Әзірбайжан, Қырғызстан мен Түркия мемлекеттері ратификациялаған. Ал Түркі академиясының басты мақсаты - түркология саласындағы зерттеулерді іздестіру мен түрколог мамандарды даярлау. Бұдан бөлек, Түркі академиясының мақсаттары қатарында түркология саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ортақ көне мәтіндер мен ауызекі дереккөздерді қоса алғанда, түркі тілдерінің бүкіл әлеуетін пайдаланып, барша түркі халықтары үшін ортақ әдеби тіл жасауға ұмтылу, барша түркі тірлер үшін қолданылатын жинақталған әліпби әзірлеу жұмыстары қаралып отыр.

Келісімнің шарттарына сәйкес, оған қатысушы тараптар міндетті жарналар төлейтін болады. Олардың мөлшері Түркі Кеңесі Сыртқы істер министрлерінің кеңесі қол қойған жекелеген хаттамада айқындалады.

“2014 жылдың бюджетінде ғылыми зерттеу жұмыстарына 390 млн. теңге бөлінген, бұл 2013 жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Осы қаражаттың арқасында түркі академиясында қазіргі күні отыздан астам ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз алдағы жылдарға осыншалықты бюджет жеткілікті деп ойлаймыз”, - деді министр Сәрінжіпов. Сонымен қатар, министр Академияның халықаралық ұйым ретінде қатысушы мемлектетер бюджетінен қаржыландырылатынын атап өтті. Ондай бюджеттерден түсетін қаражаттарға салық салынбайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети