19 наурыз 2014 | 12:51

Мәжіліс Үкімет ұсынған нақтыланған бюджет жобасын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Мансұр Хамит ©Мансұр Хамит

Парламент Мәжілісі "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Атап айтқанда, заң жобасына сәйкес, Үкімет 2014 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамын 4 трлн 361 млрд 154,2 млн теңгеге жеткізіп отыр. Бұл ретте кірістердің түсіміне оларды ұлғайтатын да, азайтатын да факторлар ықпалын тигізетін болады. Ал бюджет шығыстары бұған дейін бекітілген 408,7 млрд теңгеге артып, 7 трлн 124 млрд 777 млн. теңгені құрайтын болады. 2014 жылғы бюджет тапшылы 918,6 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,3 пайызына тең болмақ. Бюджет шығыстарына келсек, онда негізінен сәуір айынан бастап мемлекеттік жәрдемақыларды, зейнетақыларды арттыру көзделеді. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында нақтыланған бюджет жобасында 121,6 млрд. теңге бөлу көзделеді. Оның ішінде зейнетақылық және әлеуметтік жәрдемақылар төлемдеріне 53,4 млрд. теңге көзделеді. Ал мемлектетік білім беру тапсырысымен оқитын студенттердің шәкіртақысын 10 пайызға арттыру үшін бюджеттен қосымша 4,7 млрд. теңге қаражат қарастырылады. Бұдан басқа, бюджетте Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауға 21,8 млрд. теңге шығыстар қарастырылады. Оның ішінде төтенше жағдайлар министрлігіне тікұшақтар сатып алуға 11,2 млрд теңге, ал сыртқы істер министрлігіне Париж қаласында Қазақстанның елшілігінің ғимаратын сатып алуға 10,6 млрд. теңге қарастырылады. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен 2017 жылы елімізде қысқы универсиаданы өткізуді қолдауға 15 млрд. теңгеден нысаналы трансферттер бөлініп, Үкіметтің резерві 45 млрд теңгеге артатын болады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети