17 мамыр 2017 | 11:36

Мәжіліс зейнетақы мен жәрдемақыны өсіру туралы заң жобасын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Мәжілісі "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісі "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл заң жобасы Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында дайындалды. Заң жобасына сәйкес, зейнетақы туралы заңнамаға бірнеше өзгерту енгізілді.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, зейнетақы мөлшері үш есеге көбейеді. Бірінші кезеңде, яғни 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 9 пайызға, ал базалық зейнетақы 7 пайызға өсті. Екінші кезеңде, 2017 жылдың 1 шілдесінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 20 пайызға дейін өссе, базалық зейнетақы 13 пайызға көбейеді. Нәтижесінде 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға өседі. Зейнетақының минималдық мөлшері 40 мың 950 теңге болады. Бұл барлық зейнеткерге қатысты, яғни 2 миллионнан аса адамға", - деді министр Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, базалық зейнетақы зейнеткерлердің 1998 жылға дейінгі еңбек өтілінен бастап есептелінеді. Яғни, зейнеткерлерге еңбек өтілі жайлы қосымша құжаттар жинау керек емес.

Еске сала кетейік, осыған дейін 2017 жылы бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерінің қалай өсетіні белгілі болған еді. Сонымен қатар, Министр 2,1 миллионға жуық зейнеткердің зейнетақысын арттыру мақсатында республикалық бюджеттен қосымша 79,8 миллиард теңге бөлінетінін атап айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети