27 наурыз 2023 12:19

Мәжіліске қай партиялар өтті? Сайлау қорытындысы жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау қорытындыларын анықтау туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау қорытындыларын анықтау туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОСК мәліметінше, дауыс беру нәтижелері келесідей:

  • Amanat партиясы - 3 431 510 дауыс немесе 53,90 пайыз;
  • Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 693 938 дауыс немесе 10,90 пайыз;
  • Respublica партиясы - 547 154 дауыс немесе 8,59 пайыз;
  • Қазақстан халық партиясы - 432 920 дауыс немесе 6,8 пайыз;
  • "Байтақ" жасыл партиясы - 146 431 дауыс немесе 2,30 пайыз;
  • Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы - 535 139 дауыс немесе 8,41 пайыз;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 331 058 дауыс немесе 5,2 пайыз.

Осылайша, сайлауға қатысқан жеті партияның алтауы Мәжіліске өтті.

Еске салайық, Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының алдын ала нәтижелері жариялаған еді.

Өңірлерден жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12 035 578 азамат енгізілді, дауыс беруге 6 366 441 азамат қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети