Қазақстан халқы ассамблеясы Мәжіліс депутаттығына ұсынған кандидаттарына дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бейбітшілік және келісім сарайынан, осы жерде бүгін таңертең Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс XXIII сессиясы басталды.

Сессия жабылар кезде сайлаудың қорытындысы жарияланды. Дауыс бергендер бұған дейін ұсынылған тоғыз кандидатты қолдады.
Бүгін сайлауға түскен кандидаттар:
Сауытбек Әбдірахманов - "Егемен Қазақстан" Республикалық газетi" АҚ президентi, ҚХА мүшесі.
Владимир Божко - ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары, ҚХА мүшесі.
Наталья Жұмаділдаева - Қызылорда облысы ҚХА Аналар кеңесiнiң төрайымы, ҚХА мүшесі.
Роман Ким - ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі.
Наринэ Микаелян - Армян этномәдени бiрлестiгiнiң төрағасы, ҚХА мүшесі.
Ахмед Мурадов - ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, ҚХА кеңесінің мүшесі.
Шаймардан Нурумов - Республикалық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА кеңесінің мүшесі.
Юрий Тимощенко - ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі.
Шакир Хахазов - Дүнген этномәдени орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесi, ҚХА кеңесінің мүшесі.
Парламент Мәжілісі 107 депутаттан тұрады, олардың 98-і партиялық тізімнен, ал қалған тоғызын ҚХА ұсынды.