28 желтоқсан 2016 | 11:02

Мәжіліске Тінікеевтің орнына кімнің келуі мүмкін екені айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өкілеттік мерзімін тоқтатқан депутат Мұхтар Тінікеевтің орнына жаңа депутат болып заң бойынша "Нұр Отан" партиясындағы депуттардың бірі келе алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасы міндетін атқарушы Владимир Фоос айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Өкілеттік мерзімін тоқтатқан депутат Мұхтар Тінікеевтің орнына жаңа депутат болып заң бойынша "Нұр Отан" партиясындағы депуттардың бірі келе алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасы міндетін атқарушы Владимир Фоос айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Владимир Фоос "Нұр Отан" партиясының комиссиядағыларға Тінікеевтің орнына әзірше ешкімді ұсынбағанын айтты.

"Бізге оның өтініші кеше ғана келіп түсті. Біз Мәжіліске қажетті құжаттарды енгіздік. Енді олардың не істейтіні өздерінің өкілеттігінде. Біз партияның тізімдегі қай үміткерді ұсынатынын күтетін боламыз. Сонда ғана біз қажетті құжатты қабылдайтын боламыз. Заң бойынша үміткер "Нұр Отан" партиясындағы үміткерлердің тізімі бойынша анықталады", - деді Владимир Фоос журналистерге.

Еске салайық, таяуда Мұхтар Тінікеев жайлы даулы видео Желіде жария болған еді. 20 желтоқсанда таралған видеода Мәжіліс депутаты басқа бір депутатпен дөрекі сөйлесіп, шапалақпен ұрады. Роликте былапыт сөздер айтылады. 

Тінікеевтің өзі бастапқыда бұл видеоның екі жыл бұрын әзіл екенін мәлімдеген, алайда Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның 2016 жылдың желтоқсан айының ортасында болғанын анықтады.

Ал кеше депутат Мұхтар Тінікеев өкілеттік мерзімін тоқтату туралы өтініш берген болатын. "Онда депутат М.Б. Тінікеев болған оқиға бойынша сайлаушылардан және әріптестерінен кешірім сұрай отырып, Орталық сайлау комиссиясына өкілеттік мерзімін тоқтату туралы ресми түрде өтініш бергенін хабарлады. Кеңес жағдайды жан-жақты талқылай келіп, депутаттың шешімімен келісті. М. Тінікеев өтінішінің толық мәтіні Парламенттің ресми сайтына орналастырылды", - деп хабарланды сайтта.

Сондай-ақ, бүгін депутаттар Тінікеевтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети