Мәжіліске үш партия өтті - exit poll

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліске үш партия өтті - exit poll Фото: Tengrinews.kz

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Бұл туралы "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова мәлімдеді.

Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді:

  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 9,03 пайыз дауыс;
  • Nur Otan партиясы - 71,97 пайыз дауыс;
  • "Ауыл" партиясы - 5,75 пайыз дауыс;
  • "Ақ жол" партиясы - 10,18 пайыз дауыс;
  • ADAL саяси партиясы - 3,07 пайыз дауыс.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Қазақстандағы Мәжіліс депутаттарының сайлауындағы екінші exit poll деректері жарияланды. Деректерді "Демократия институты" жобасының директоры Татьяна Башарина КТК телеарнасының эфирінде келтірді.

"Демократия институтының" мәліметтері бойынша exit poll нәтижелері мынадай:

  • Қазақстан Халық партиясы - 9,54 пайыз;
  • Nur Otan партиясы - 72,01 пайыз;
  • "Ауыл" партиясы - 4,93 пайыз;
  • "Ақ жол" партиясы - 10,27 пайыз;
  • Adal партиясы - 3,25 пайыз.

Парламент Мәжілісіне көшу үшін партиялар жеті пайыз кедергіні еңсеруі қажет. Палата кемінде екі партияның қатысуымен құрылады. Егер сайлаушылар дауысының жеті пайызын тек бір саяси партия алатын болса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге осы саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының ең көп санын алған партияның партиялық тізімі жіберіледі.

Қазақстандағы сайлаудың алдын ала қорытындылары - 63,3 пайыз

Exit poll - дауыс беруден кейін сайлау учаскелерінен шыққан кезде социологиялық қызметтер жүргізетін, әлемдік әлеуметтанулық практикада қолданылатын азаматтардан сауалнама алу рәсімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети