16 мамыр 2016 | 12:49

Мәжілісмен Астана туралы: Бізде притондардың көптігі соншалық, Лас-Вегас шаң қауып қалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев ІІМ басшылығынан елордадағы және жалпы елдегі көңіл көтеретін мекемелердің жұмысын реттеуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілісте ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымовтың қатысуымен үкімет сағаты өтіп жатыр.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев ІІМ басшылығынан елордадағы және жалпы елдегі көңіл көтеретін мекемелердің жұмысын реттеуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілісте ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымовтың қатысуымен үкімет сағаты өтіп жатыр.

"Елімізде көңіл көтеретін мекемелердің мәселесі көбейіп кетті. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. (...) Ақмола облысында осындай көңіл көтеретін орындардың саны 500-ден асады, олар не уақыт ережесін, не ішімдікті тұтыну нормасын сақтамайды. (...) Ал егер елордадағы көңіл көтеретін орындарға қарасақ, мұнда жасырын притондардың көптігі соншалық, Лас Вегас шаң қауып қалады", - деді Косарев.

"Мүмкін біреуге түнгі жертөлелерде ақшасын жарату ұнайтын шығар, бірақ бұл қоғамға жаман әсер етеді. Адамдар байлардың қашанғы олардың еңбегін пайдаланып, қомақты ақшаға қызметтерін ұсынып, онымен қоймай өздері қоғамдық тәртіпті бұзып, жастарды азғындатып, оларды осындай жұмысқа тартуын түсінбейді. Мұнымен полиция жұмыс істей алады. Сіз өзіңіздің беделіңіз арқылы түнгі сағат 12-ден кейін ешкімнің ішімдік сатып алуына жол бермеуіңіз керек. Осы мекен-жайлардың атын атап, сіз бұл притондарда қоғамды кімнің азғындатып жүргенін білесіз. Бұл есімдерді қоғам білуі қажет және қоғам ол адамға өз бағасын беруі керек", - деп мәлімдеді Косарев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети