Мәжілісмен Азат Перуашев Олимпиада мен Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне берілетін сыйақының көлемін теңестіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті төменгі палатаның пленарлық отырысынан.
Мәжілісмен Азат Перуашев Олимпиада мен Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне берілетін сыйақының көлемін теңестіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті төменгі палатаның пленарлық отырысынан.
Мұндай мазмұндағы сауал ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа қойылды.
"Бүкіл әлемде мүмкіндіге шектеулі жандардың спорттағы жетістіктері қарапайыv cпортшылардың жетістігіне қарағанда жоғары бағаланады. Себебі мүмкіндігі шектеулі спортшылар қарсыласын басып озудан бұрын өзінің сырқатын жеңу үшін біраз қиындықтардан өтуі тиіс. Қазіргі спортта спортшыларды ынталандыру үшін қомақты қаржы салу керек. Бұл мәселеде Қазақстан көшбасшылардың бірі болып саналады. Біздің елімізде олимпиада ойындарында медальға ие болған спортшыларға берілетін ресми сыйақы көлемі - 250 мың доллар белгіленген. Ал мүмкіндігі шектеулі спортшылардың олимпиада ойындарында жеткен жоғары жетістіктері үшін 50 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Яғни, ол дені сау спортшыларға берілетін сыйақыдан бес есеге аз болып тұр. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі спортшыларымыз Қазақстанның атынан халықаралық жарыстарға қатысып, батылдығы мен ерлігін көрсете отырып, шынын айтқанда олардың еңбегі өздерінің Отанында бағаланбай қалады", - деді Перуашев.
"Бүкіл әлемде Паралимпиада ойындары Олимпиада ойындарының баламасы деп танылған. Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақының Олимпиадада жеңіске жеткен спортшылардың сыйақысымен сәйкес келмейтіні Қазақстан Конституциясына да қарама-қайшы. Конституцияға сәйкес, барлық азамат тең және ешкім де өзінің әлеуметтік жағдайына байланысты және өзге де негіздермен қандай да бір кемсітушіліктің құрбаны болмауы керек. Мемлекеттік спорттық марапаттарды азаматтарымыз үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз үшін тең бағалау мәселесін көтеруді маңызды деп есептейміз", - деп мәлімдеді депутат.
Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстан 58-орын алды. Зүлфия Ғабидуллина 100 метр қашықтыққа еркін әдіспен жүзуден алтын медаль еншілесе, пауэрлифтер Раушан Қойшыбаева күміс медаль жеңіп алған еді.