27 маусым 2023 | 14:03

Мәжілісмен Үкіметті депутаттардың қызметіне араласты деп айыптады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадр из видео Кадр из видео

Мәжілісмен Асхат Аймағамбетов Үкіметті депутаттардың қызметіне араласты деп айыптады. Ол премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжілісмен Асхат Аймағамбетов Үкіметті депутаттардың қызметіне араласты деп айыптады. Ол премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Депутаттық сауалды жеткізген Аймағамбетов Мемлекет басшысы құрып жатқан саяси жүйенің формуласын еске салды: "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет". Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа шарттар депутаттар мен Үкіметтен бірлескен жұмысты талап етеді. Дегенмен, бірінші сессияда Мәжілісте шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер туындаған.

Конституция бойынша депутаттардың заң шығару бастамасы құқығы бар. Жаңа шақырылымның ерекшелігі - ең маңызды мәселелер бойынша депутаттардың бастамашыл заң жобаларын белсенді әзірлеуі. Заңнамаға сәйкес олар Үкіметтің қорытындысына жіберілуі керек. Алайда, мұнда біз мемлекеттік органдардың әлсіз, тиімсіз жұмысын көріп отырмыз.

Біз ғылым және ғылыми-технологиялық саясат бойынша заң жобаларын әзірледік. Президенттің тапсырмасы да бар екенін білесіздер Үкімет осы заңды маусым айының соңына дейін енгізулері керек еді. Алайды, үлгермеді. Ал депутаттар болса, өздері бастамашылық етіп бұл заң жобасын дайындады. Бұған қоса білім, мәдениет және т.б. туралы заң жобаларын да депутаттардың өздері әзірледі.

Бірақ, мәселе мынада, мемлекеттік органдар заң жобаларын әзірлеу олардың ғана құзыреті деп санайды. Біз әзірлеген заң жобаларына салғырт қарайды, - деді Аймағамбетов.

Келесі мәселе Үкіметтің қорытындысының қажеттілігі туралы болды. Жұмыс топтарында талқылау барысында мемлекеттік органдар іс жүзінде барлық нормаларды Үкіметтің қорытындысына жіберуді талап етеді. Конституцияның 61-бабы 6-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары ғана Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде енгізілетіндігін атап өткен жөн.

"Осыған қарамастан, іс жүзінде Үкімет өкілдері үнемі барлық нормалардың қорытындыға жіберілуін талап етеді. Бұл заң жобасындағы жұмыстың тежелуіне де, азаматтардың әділ сынына да әкеледі. Жалпы, біз Үкіметтің мұндай тәжірибесі депутаттардың заң жобалау қызметіне араласу деп санаймыз. Сондықтан Үкімет қандай нормалар әлі де міндетті қорытындыны талап ететінін нақты анықтауы қажет. Ол үшін Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне тиісті түзетулер енгізу қажет болады", - деді Аймағамбетов.

Бұл депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындысын қарау мерзімдері. Депутаттардың түзетулеріне Үкіметтің қорытындылары Парламент Мәжілісіне 4-5 айдан кейін келіп түседі.

Сондықтан, біздің ойымызша, Үкіметтің қорытындыларын келісу рәсімін қайта қарау, олардың өтуін қиындататын кедергілерді жою және заң жобасына қорытынды дайындаудың толық мерзімін – 1 айдан аспайтын мерзімге жасау қажет.

Үкімет нормасының нақты ұсынылатын редакциясын енгізбей, жай ғана депутаттардың түзетулеріне теріс қорытынды жасау практикасын тоқтату қажет деп санаймын", - деп қорытындылады Асхат Аймағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети