01 шілде 2015 | 13:22

Мәжілісте ИМ (ДАИШ) қаупіне байланысты әлеуметтік желілерді құлыптау мәселесі көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісте ИМ (ДАИШ) қаупіне байланысты әлеуметтік желілерді құлыптау мәселесі көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжілісте ИМ (ДАИШ) қаупіне байланысты әлеуметтік желілерді құлыптау мәселесі көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы уақытта ИМ әрекеттері туралы хабарлар бүкіл әлемді дүрліктіріп отыр. Қазақстанды да. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шамамен 400 азаматымыз отбасымен бірге кетіп қалған. Сондықтан қазірде бірқатар шараларды қабылдау туралы мәселе туып отыр. Меніңше, түрлі секталарамен, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс істеу қажет. Бізде шетелдің күмәнді жоғары оқу орындары бар. Оларды ерекше назарға алу керек. Қазірдің өзінде Facebook, VKontakte, Mail.ru сайттарын қарап көрсек болады - онда террористердің парақшалары бар. Twitter-ді айтпағанда. Бүкіл Батыс, әлемнің барлық елдері түбегейлі шаралар қабылдап жатыр", - деді Жұматай Әлиев депутаттық сауалын оқи отырып.

Ол жастар арасында көпшіліктің қолданатын Facebook, ВКонтакте, mail.ru, Одноклассники әлеуметтік желілерін, сонымен қатар, шетелге оқуға кететін студенттерін ерекше назарға алу керек. "Меніңше, премьер-министр, үкімет, бас прокуратура желіні бақылау керек", - деді Әлиев.

"Неліктен Қытайдың Great Firewall арнайы бағдарламасына ұқсас бағдарлама жасамасқа, ол Қазақстанның әлеуметтік желілерін бақылайтын еді. Еуропада бірыңғай полиция бөлімшелері жасақталып жатыр. Олар "Ислам мемлекетімен" байланысты аккаунттарды анықтап, құлыптап отырады", - деп сұрады депутат.

Мәжілісменнің пікірінше, қазақстандық жастардың мұндай ұйымдарға түсуіне олардың қажетсіз қалып қоятындықтарымен байланысты. "Осыған байланысты қазақстандық нарықта жұмыс істеп жатқан шетел жоғары оқу орындарымен, сонымен қатар, отандық жоғары оқу орындарымен бірігіп жұмыс істейтін мекемелермен жұмыс атқаруды, олардың қазақстандық студенттерді қабылдауының заңды негіздемесін тексеруді, мұнымен бірге, бұл салада бұдан былай заңнаманың бұзылмауы үшін шаралар қабылдауды сұраймын", - деді депутат.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети