Әбутәліп Мүтәлі Мәжілістің жаңа депутаты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалып, өкілеттілігін тоқтатқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына келді.
"Әбутәліп Мүтәлі бүгін жалпы отырыста Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды", - деп жазылған хабарламада.
Бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында Мәжілістің жаңа депутаты ант қабылдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!