16 қыркүйек 2015 | 11:04

Мәжілісте Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы мәселе қаралғанда трансляция өшіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/mazhilis_kz © vk.com/mazhilis_kz

Парламенттің төменгі палатасының жалпы отырысында "Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" мәселе қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәселе күн тәртібінде бірінші орында тұрды. Бұл мәселеге қатысты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен сөз сөйледі.


Иконка комментария блок соц сети

Парламенттің төменгі палатасының жалпы отырысында "Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" мәселе қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәселе күн тәртібінде бірінші орында тұрды. Бұл мәселеге қатысты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен сөз сөйледі.

Айта кетейік, бұл мәселенің қаралуы журналистерге арналған мәжіліс залында көрсетілмеді. Онлайн-трансляция әдеттегідей сағат 10.00-де емес, екінші мәселені қараумен, сағат 10.15-те басталды. Мәжілістің баспасөз қызметіндегілер техникалық ақаудың болуы мүмкін деп болжады.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердоңғаров Instagram желісіндегі аккаунтына Дариға Назарбаеваның әлеуметтік жобаларына қатысты жұмыстардың жоспарымен үкіметте екенін жазды. "Дариға Нұрсұлтанқызы әріптестеріне былай деді: "Келесі кездескенше". "Депутаттық төсбелгі жүректің үстіне тағылуы керек деп қосты ол", - деп жазды депутат.

Қазір Мәжілісте ҚР Парламентінің және оның палаталарының, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілдік органдарының, ҚР астанасының және мемлекеттік органдар колллегиясының жыл қорытындысы бойынша өткізетін ашық отырыстарын Интернет ресурстар, яғни онлайн-трансляция арқылы тарату, олардан ақпарат алуды қолжетімді ету туралы заң жобасы қаралып жатыр.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Мемлекет басшысының бұйрығымен Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Дариға Назарбаеваның вице-премьер болып тағайындалуына қатысты пікірін білдіріп, бұл тағайындаудың премьер-министр Кәрім Мәсімовтің ұсынысымен болғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети