Мәжілістің жаңа депутаты Фуат Сатыбаев ант қабылдады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілістің жаңа депутаты Фуат Сатыбаев ант қабылдады

Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты Фуат Сатыбаев палатаның жалпы отырысында ант қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты Фуат Сатыбаев палатаның жалпы отырысында ант қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болады.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етемін. Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға, маған сеніп тапсырылған депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді Фуат Сатыбаев.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутатты жаңа қызметімен құттықтады.

Фуат Сатыбаев 1965 жылы дүниеге келген. Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген.
Осы жылдар ішінде хирург, страсс серіктестігінің директоры, "Мойылды" шипажайының бас директоры қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бері "Ақ жол" партиясынан Павлодар облыстық мәслихатының 7-шақырылымының депутаты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети