Макрон, Ердоған, Орбан. Қазақстанға әлемдік көшбасшылар келеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Макрон, Ердоған, Орбан. Қазақстанға әлемдік көшбасшылар келеді Фото: Ақорда

Жақын арада Қазақстанға бірнеше әлемдік көшбасшылар келеді деп күтіледі. Олардың арасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Франция президенті Эммануэль Макрон, сондай-ақ Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақын арада Қазақстанға бірнеше әлемдік көшбасшылар келеді деп күтіледі. Олардың арасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Франция президенті Эммануэль Макрон, сондай-ақ Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz дереккөзінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келесі аптада Франция президенті Эммануэль Макронның Астанаға сапары күтіледі. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті былтыр қарашада Парижге барып, Макронмен келіссөздер жүргізген болатын.

Түркия көшбасшысы Ердоғанның сапары Түркі мемлекеттері ұйымының 10-мерейтойлық саммиті аясында 3 қарашаға жоспарланған. Бұл туралы бұған дейін Мұрат Нұртілеу Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінде мәлімдеген болатын. Ердоған да арнайы жеделхат арқылы Тоқаевпен кездесуге ниетті екенін растады.

Астанаға Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан да келеді. Бұл туралы Нью-Йоркте Қазақстан мен Венгрия басшыларының кездесуінде белгілі болды. Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне де қатысуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети