Мақсат Дүйсенов Қазақстанның бас көлік прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мақсат Дүйсенов Қазақстанның бас көлік прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысымен келісімімен Бас прокурордың бұйрығымен 9 тамызда Мақсат Дүйсенов бас көлік прокуроры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Мақсат Дүйсенов 1973 жылы дүниеге келген. ІІМ органдарында тергеу және басқарма жұмыстарында, Қаржы полициясында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде еңбек өтілі бар.
2013-2014 жылдар аралығында ҚР Қауіпсіздік кеңесінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.
2016-2018 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары болды.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін бас көлік прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
ІІ дәрежелі "Құрмет" және "Айбын" ордендарымен марапатталған.