Мақсат Кикимов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мақсат Кикимов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Мақсат Қиқымов тағайындалды", - делінген хабарламада.
Осыған дейін қала әкімінің орынбасары қызметінде болған Сапарбек Тұяқбаевтың қызметтен кеткені айтылады. Экс-орынбасар әлеуметтік желідегі парақшасында бірге қызмет еткен барлық әріптесіне алғыс білдірді.
Мақсат Кикимов 1986 жылы дүниеге келген. Банк ісі академиясы колледжінің, Алматы Экономика және статистика академиясының, "Тұран" университетінің түлегі.
Қаржы, мұнай салаларында және мемлекеттік қызметте 15 жылдан аса жалпы еңбек өтілі бар.
Еңбек жолын 2005 жылы "Альянс банк" АҚ Алматы қаласындағы филиалының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің маманы болып бастаған. 2006-2012 жылдары "Альянс банк" АҚ Алматы қаласындағы филиалында бас маман, бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер, бэк-офистің басқарушысы, "Астана-финанс" Банкі АҚ Алматы филиалының бас бухгалтері, "Трансервис-Миллениум" ЖШС қаржы директоры, әдіснама басқармасының бастығы, әдіснама және автоматтандыру және бизнес-процестер басқармасының бастығы, "Кредит Алтын Банк" АҚ бас есепші басқарма мүшесі, "Bank RBK"АҚ банктік технологиялар департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2012 жылдан 2015 жылға дейін Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2015 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!