ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің қызметкерлері 2017 жылдың 16 маувсымында Мақсат Үсеновке қатысты азаматтық хаттама толтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ ресми өкілі Мұрат Жұманбайға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, хаттама ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 564-бабының 5-бөлігі бойынша ("Әуе кемесіндегі жолаушылар ретіндегі адамдардың ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдай жасауы") толтырылған.
Бұл заңбұзушылықты жеке тұлғалар жасаса, екі жүз АЕК мөлшерінде (453 800 теңге) айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Еске салайық, Мақсат Үсенов Алматы-Багкок рейсін орындаған әуе кемесінің бортында табак өнімін қолданған, бұған ұлттық және халықаралық талаптар бойынша тыйым салынған. Іс материалдары Мақсат Үсеновтің тұрғылықты мекен-жайы бойынша сот органына жолданады.