Мақсұт Жұмаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Лобуче шыңын бағындырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мақсұт Жұмаев Мақсұт Жұмаев

Қазақстандық альбпинист Мақсұт Жұмаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстанның туын гималай алтылығында - Лобученің оңтүстік шыңына алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық альбпинист Мақсұт Жұмаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстанның туын гималай алтылығында - Лобученің оңтүстік шыңына алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал спортшы Катмандуға қайтқаннан кейін байланысқа шықты. Оның сөзінше, Непалдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты локдаун жарияланған. Мақсұт Жұмаев әуе билеттерін қайтаруға мәжбүр болған, енді карантиннің жеңілдеуін күтіп отыр. Алайда альпинист өз миссиясын сәтті орындап шыққан. 

"Кеше 11.30-да 6119 метр биіктіктегі Лобуче шыңын бағындырдық. Түнгі 03.00 шамасында шықтың, ауа райы жақсы болды. Айналамыздағы сегізмыңдықтар анық көрініп тұрды. Бірақ сағат таңғы 09.00 шамасында ауа райы бұзылып кетті, қар жауып, көру 50 метрге дейін нашарлады. Қар жауып кеткеніне қарамастан тоқтамадық, тек қадамды бәсеңдеттік. Тобымыз асықпай шыңға жетті", - дейді Жұмаев.  

Спортшы шыңда ұзақ уақыт тұрмаған. Бар күшін тулармен суретке түсіп, құттықтау видеосын түсіруге жұмсаған. Сосын қайту керек болған. 

"Бәрін тастап, төменге қайтадан түсіп кеткім келген кездер болды, себебі қар жарма сияқты жауып кетті. Бірақ миссияны орындау міндеті тұрғанын түсіндім, ол - Лобуче шыңына ту тігу. Тумен суретке түсіп, құттықтау видеосын жазып, төмен қарай түсе бастадық. Лагерьге кешке қарай жеттік", - дейді спортшы. 

Оның сөзінше, гималай шыңына жетудегі мақсаты - Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл екенін дүние жүзіне таныту болған.  

Бүгінде қазақстандық спортшы Катмандуда. Жұмаев миссиясын орындағаннан кейін Қазақстанға тезірек оралғысы келетінін айтады. 

"6 мамырдан бастап Непалда әуе қатынастары тоқтап, локдаун жарияланды. 15 мамырда локдан не қатаңдайды, не жеңілдейді. Бірақ Үндістанда эпидемиологиялық жағдай қиын екенін ескеріп, локдаун жеңілдейді деп айту қиын. Біз базалық лагерьден Катмандуға тікұшақ арқылы жеттік. Осы жерден Қазақстанға оралудың жолдарын қарастыруға тырысамын. Бұл мен үшін басты мәселе", - дейді Мақсұт Жұмаев. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer