Мал бағып, ауылдағы өмірді көрсеткен қыз Желіде танымал болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мал бағып, ауылдағы өмірді көрсеткен қыз Желіде танымал болды Видео кадры/24.kz

Солтүстік Қазақстан облысында мал бағып, ауылдағы өмірді көрсеткен қыз әлеуметтік желілерді бағындырып жатыр. Озерное ауылының тұрғыны Асыл Ахметова жайылымдағы күнделікті өмірі туралы TikTok-та видео жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

24 жастағы қыз Желіде қысқа видеолар жариялайды. Ол ауылдағы өмірі туралы айтып, жылқы бағып, халық әндерін шырқап видео түсіреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASSYL AKHMETOVA (@assylym21)

Асыл 7-сыныптан бастап ата-анасына мал бағуға көмектеседі. Елордада оқуын аяқтаған соң, туған ауылына оралып, мектепке жұмысқа тұрған. Бос уақытында мал бағуға көмектеседі. Қыз атқа мініп қана қоймай, сонымен қатар мотоцикл жүргізе алады.

Асыл өмірін жылқы жануарынсыз елестете алмайтынын мойындайды. Қыздың әкесі видео түсіріп, блог жүргізуге көмектеседі екен. 

Асыл жеке фермасын ашып, әлеуметтік желі қолданушыларына ауылдағы өмірді көрсеткісі келеді. Сонымен қатар, оған танымалдық маңызды емес, ең бастысы - ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети