Мал не ақша: су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға шығын қалай өтелді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мал не ақша: су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға шығын қалай өтелді? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Су тасқыны кезінде малынан айырылған қазақстандықтардың шығыны өтелді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су тасқыны кезінде малынан айырылған қазақстандықтардың шығыны өтелді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Ақтөбе және Қостанай облыстарында мал шығыны көбірек болған.

"Өтемақы бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттан алынып жатыр (...). Барлығы алды (өтемақыны - еск.) - кейбіреулері бюджеттен, кейбіреулері бюджеттен тыс қаржыдан, қорлардан", - деді Бердалин ОКҚ брифингінде.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде 3753 бас, Қостанай облысында - 3520 бас, Батыс Қазақстан облысында - 2457 бас, Атырау облысында - 1562 бас, Ақмола облысында – 510 бас, Ұлытау облысында – 453 бас, Қарағанды ​​облысында – 89 бас, Абай облысында – 79 бас, Солтүстік Қазақстан облысында – 27 бас ауыл жаруашылығы жануары өлген. Барлығы - 12 450 мал.

Министрлік барлық өңірде шығын 100 пайыз өтелгенін айтты.

Жеті облыста зардап шеккендерге ақшалай түрде – 10,5 мың бас мал үшін ақша төленген, тағы үш облыста тұрғындарға мал - 1885 бас ауыл шаруашылығы жануары сатып алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети