30 қыркүйек 2016 | 09:35

Мал саудасымен айналысқан үш ағайындының өліміне базарда қарақшылардың қаптауы себеп - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК кадры © КТК кадры

Алматы облысында мал саудасымен айналысқан үш ағайындының өліміне базарда ұрылардың қаптауы себеп. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында мал саудасымен айналысқан үш ағайындының өліміне базарда ұрылардың қаптауы себеп. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тілшілердің мәліметінше, жантүршігерлік қылмыстан кейін саудаға шығуға жүрегі шайлығып қалған саудагерлер осылай деп отыр. Олар Ұзынағаштағы мал базарын ұрылардың бұрыннан жағалап жүргенін айтады. Суық қолдылардың құныққаны сонша, төрт түліктен түскен қыруар қаржыны әрбір сауда сайын қағып әкете береді екен. Ал соңғы рет қарақшылардың малды иесімен қоса ұрлап кеткені мәлім.                       

Мәйіті тауда табылған үш ағайынды - Жарқынбек, Қаділбек және Мұқият соңғы рет осы базардан кеткен. Қазір мұнда мал саудагерлерінің ірі қарамен келуге жүректері шайлығып қалған. Өйткені ұрылар тым еркінсініп кетіпті. Себебі, сол ағайындылар жоғалар күні мұнда тағы 15 тұяқ ұрланған.           

"Осыған  қарақшылардың қатысы бар деген күдігіміз бар", - дейді саудагерлердің бірі Кәрімхан Нәби.

Ағайындылармен бірге мал саудасымен айналысқандар мұнда әр базар болған сайын ұры-қары қарық болып қайтады дейді. Онда да миллондап олжалайды екен. Мәселен, Есболат Мағаздың қарақшылар бір ай бұрын бақандай 4 миллион теңгесін базар ішінде қағып кеткен.

Осы базардың ішінде  оншақты адамбар.Саудагерлерді аңдып, ақша ұрлайды. Бұл  өткен жылдан басталған", - деді саудагер.

Өздерінің айтуынша, Ұзынағаштағы мал базарында ақшасын ұрлатпаған адам жоқ екен. Полицияға шағымданғанымен, бірде-бірін тауып бермеген. Ақыры қолын бір сілтеп, арыз жазуды да қойыпты. Саудагерлердің бірі былтыр күзде 840 мың теңгесін біреулердің ұрлап кеткенін айтса, екіншісі 870 мың теңгенің тура қалтасынан қағып кеткендердің болғанын айтып отыр. 

Сорақысы сол, бұл оқиғалардың бірі де камераға түспеген. 

Қырық бас сиырмен жоғалып, артынша өлігі табылған үш бірдей арыстай азамат Жарқынбек, Қаділбек, Мұқият соңғы рет міне осында сауда жасап тұрыпты. Соңғы рет ол кісілерді куәгерлер сенбі күні таңғы сегізде көрген, ал күндізгі сағат 11-лерде сиырлар тиелген жүк көлігі базардан сыртқа шығып кеткен. Бірақ өкінішке қарай базар аузында тұрған 6 бірдей камераға ол үш азамат та олардың сиырлары да, оларды алып кеткен күдіктілердің бірі де түспепті.

Камераға түспегенімен, күдіктілердің бірі - Талғат дегенді саудагерлер танып қойыпты. "Талғат деген жігітті өзі "ұры" деп айтады. Інісі отырып келген 15-16 жыл", - дейді саудагер. 

Телеарнаның мәліметінше, ағайындылардың өлімінен кейінде мал базарында сақтық шаралары күшейтілмепті. Базардың күзетшілері саудагерлердің малдарына өздері жауап беретінін айтып отыр екен. Есесіне, әрбір мал басына, оны алып келген көлікке де 700 теңгеден салық жиналады екен (КТК).     

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети