Малахов 48 адамның өмірін құтқарып қалған қазақстандықты өз бағдарламасына шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Малахов 48 адамның өмірін құтқарып қалған қазақстандықты өз бағдарламасына шақырды vk.com/Ержан Амарханов

Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов 48 адамды өртеніп жатқан автобустан аман алып қалған қазақстандық Ержан Амархановты өз бағдарламасына шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов 48 адамды өртеніп жатқан автобустан аман алып қалған қазақстандық Ержан Амархановты өз бағдарламасына шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бағдарлама түсіріліміне құжаттарымды дайындағаннан кейін бірақ барамын. Иә, мені шақырды. Түсірілім қашан болатынын әлі нақты айтқан жоқ. "Еуразия Бірінші" арнасы мені "Пусть говорятқа", ал "Россия" Андрей Малаховқа шақырды", - деп хабарлады Ержан Амарханов. 

Оның айтуынша, ұйымдастырушылар казақстандықтың жолын төлеп береді.

"Құжаттарым бар деп, оларға хабарласамын. Иә, жолымды түгелей өздері төлеп беретін болады. Бағдарламада барлығы қалай болғанын айтып беремін. Ол жерде тек мен емес, мен құтқарып алған адамдар да болады. Кім қашып кетті, автобустағылар қайда тұрғанын, оларда неліктен өртсөндіргіш болмағанын - бәрін сол жерде айтатын боламын", - деді қазақстандық. 

Ержан Амархановтың айтуынша, барлық құжаты өртеніп кеткеннен кейін қиын болған. Алайда, барлық жолаушы аман-сау қалғаны қуантады. 

"Ол жағдайдан кейін өзімді табу қиын болды. Не құжатым, не байланыс телефоным болған жоқ. Достарым тез арада ұшып келіп, бірнеше минутта барлығын тауып, жасап берді. Қазақстанның Мәскеудегі елшісі хабарласып, тағы басқа көп адам көмектесті", - деді ол. 

Еске салайық, тамыздың 5-не қараған түні Ержан Амарханов Ресейге автокөлік сатып алу үшін жол жүріп барған. Сол түні автобустан өрт шыққан. Ол сәтте жолаушылардың барлығы ұйықтап жатқан. Ал Ержан Амарханов алғашқылардың бірі болып оянып кеткен екен. Ол бірден жолаушылардың барлығын оятып, бұғатталған есіктерді ашып, адамдарды құтқара бастаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети