Мальдив аралдарында акула туристке шабуыл жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Мальдив аралдарында демалып жүрген турист қыз акуланың шабуылына тап болды. Бұл оқиға танымал курорттардың бірінде снорклинг (трубкамен жүзу) экскурсиясы кезінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мальдив аралдарында демалып жүрген турист қыз акуланың шабуылына тап болды. Бұл оқиға танымал курорттардың бірінде снорклинг (трубкамен жүзу) экскурсиясы кезінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккен қыз өз басынан өткен жағдайды желіде жариялаған видеосында баяндап берді. Видеоны мыңдаған адам көріп, қызу талқылап жатыр.

"Мальдивте акула тістеп алды. Бірден қауіп барын түсіндім – үлкен құйрықты скаттар жүзіп келді, ал акулалар алғашқыға қарағанда үш есе көбейді", – дейді ол.

Оның айтуынша, су тереңдігі бар болғаны 2,5–3 метр болған, ал айнала толған жыртқыштардан ешқайда қашып құтылу мүмкін болмаған. Суасты видеосын түсіріп жүрген сәтте бір акула оның бағытына кенет бұрыла кеткен.

"Судың бетімен жүзіп келе жаттым, камераны өзімнен сыртқа бұрған сәтте – акула маған қарай шап берді. Сол қолыммен оның тұмсығын итеріп үлгердім. Сол сәтте камера қолымнан түсіп кетті", – деп есіне алды турист.

Оқиға кезінде ол ең алдымен камерасы мен жанына еріп барған құрбысын уайымдағанын жеткізді.

"Құрбым қатты шошыды. Беті бозарып кетті, оны 10 минуттай тыныштандырды", – деді ол.

Өзі ауырсынуды кейінірек, адреналин басылған соң ғана сезген. Видеода шабуылдың нақты сәті түсіп қалғанын айтты.

"Бастапқыда 3–5 акула болса, кейін саны 15-ке дейін көбейді, онымен қоса екі скат келді", – деді ол.

Әлеуметтік желіде қолданушылар екіге бөлінді: бір тобы қызға жанашырлық танытып, батылдығына тәнті болса, енді бірі қауіп-қатерге саналы түрде барғанын сынға алды.

"Неге ол жақта жүзді? Осындай жағдай болуы мүмкін екенін ойлау қиын емес", – деп жазды бірі. Ал басқалары "жарақаттың ауыр болмағаны жақсы", – деп пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer