Малидегі қонақүйде кепілге алынғандардың арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Малидегі қонақүйде кепілге алынғандардың арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

Алдын ала мәлімет бойынша, Малидегі қонақүйде кепілге алынғандардың арасында қазақстандықтар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. 

Бамакодағы Radisson Hotel қонақүйінің қызметкерлері мен қонақтарын он содыр кепілге алған. Кепілге алынған адамдардың саны 170. Үш адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, кепілге алынғандардың арасында Turkish Airlines әуе тасымалдаушысының қызметкерлері, кем дегенде 20 үндіс, Қытайдың шамамен он адамы, Франция азаматтары болуы мүмкін. 

Қонақүйге арнайы операция жасалмай тұрғанда кепілге алынғандардың жартысы жіберілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Нақтырақ айтқанда, Түркияның бес азаматы, Turkish Airlines әуе тасымалдаушысының қызметкерлері босатылған. Құқық қорғау органдары тағы да 80 адамды босатқан. 

Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейта Чадтағы іссапарын шұғыл тоқтатып, ел астанасына оралды. Франция жергілікті арнайы қызметке көмектесу үшін Бамакоға жандармерияның 50 қызметкерін жіберіп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети