“Мама, 60 секундым қалды“. Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала табылды

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Мама, 60 секундым қалды“. Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала табылды Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қарағанды ​​облысында далада адасып кеткен 13 жастағы мектеп оқушысы табылды. Оны іздестіруге құтқарушылар, полицейлер және еріктілер жұмылдырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысында далада адасып кеткен 13 жастағы мектеп оқушысы табылды. Оны іздестіруге құтқарушылар, полицейлер және еріктілер жұмылдырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отбасы мүшелерінің айтуынша, Бейбарыс Рыс 1 сәуірде түстен кейін Абай қаласына серуендеуге шыққан. Ол құрдастарымен болған, ал олардың кейбіреулері велосипед теуіп жүрген. Балалар Қарабас ауылына қарай бет алады. Алайда сол күні кешке бала жалғыз жаяу қайтпақ болған.

Жолда Бейбарыс анасына дауыстық хабарламалар жіберіп, телефонының өшуіне 60 секунд қалғанын айтқан. Ол көмек сұрап, соңғы хабарламасында өлгісі келмейтінін айтып, анасына оны жақсы көретінін жеткізген.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі арыз 2 сәуірде Абай ауданының полиция басқармасының кезекші бөліміне түскенін жеткізді.

Ведомство мәліметінше, қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, мобильді топтар баланы Абай қаласынан 15 шақырым қашықтағы даладан тапқан. Оған медициналық көмек қажет болмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.42   544.68   5.88 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети