16 наурыз 2016 | 15:18

Маман ҰБТ жайлы даурықпа әңгімелерге ермеуге кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҰБТ жақындаған сайын еліміздегі оқушылар мен олардың ата-аналарының, ұстаздар мен мектеп басшыларының алаңдап, биылғы тестілеуге қатысты не айтылар екен деп құлақтарын түретіні белгілі. Жылдағыдай, биылғы ҰБТ да өзгеріске толы болады деген сыбыс өткен жылдың жаз мезгілінен бастап айтылған еді. Сол кезден бері жаңашылдықты күтіп жүрген жастарымыздың аз емесі анық.


Иконка комментария блок соц сети

ҰБТ жақындаған сайын еліміздегі оқушылар мен олардың ата-аналарының, ұстаздар мен мектеп басшыларының алаңдап, биылғы тестілеуге қатысты не айтылар екен деп құлақтарын түретіні белгілі. Жылдағыдай, биылғы ҰБТ да өзгеріске толы болады деген сыбыс өткен жылдың жаз мезгілінен бастап айтылған еді. Сол кезден бері жаңашылдықты күтіп жүрген жастарымыздың аз емесі анық.

Мәселен, былтыр 2016 жылғы ҰБТ-ның онлайн режимде өтуі мүмкін екені айтылды. Бұл жаңалықты естіген оқушылар мен ата-аналардың үрейі артып, қоғамдық пікірдің де түрлене түскені байқалды. Осыдан кейін Қазақстанда ҰБТ-ның өтетін мерзімі өзгереді делінді. Әрине, бұл тұста да уақытын алтындай бағалаған жастардың Интернеттегі қызу талқысы біразға дейін жалғасты. Бәрінен бұрын, жақында Білім және ғылым министрлігінің ағылшын тілінің Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруда міндетті пәндердің бірі болуы мүмкін екенін мәлімдеуі түрліше ойды тудырды. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшілері бірқатар жылдан бері қазақстандық жастарды ҰБТ-ға дайындап келе жатқан ЮНЕСКО клубы, EDTECH-KZ халықаралық білім орталығының бас директоры Ғани Бейсембаевпен сұхбаттасуды ұйғарды.

Оның айтуынша, ҰБТ-ға майдандай қарап, орынсыз жерде үрей тудырудың қажеті жоқ. Мектептің рейтингі үшін басшылар мұғалімді, мұғалім оқушыны, ал оқушыны ата-ана қыспаққа алмай, тиімді жұмыс істеп, білікті мамандардың шығуын ғана ойлайтын жерде, ешбір келеңсіздікке орын жоқ. Сонымен қатар, Ғани Бектайұлы бұл салаға қатысты айтылып жатқан реформаларға қатысты ресми бұйрықтар шықпай тұрып сенбеуге, даурықпа әңгімелерге ермеуге кеңес берді.

"Тестілеу жүйесінің өмірімізге етене енгеніне міне 10 жылдан аса уақыт болды. Әйтсе де жыл сайын бір даурықпа әңгіме туындап отыру әдетке айналған. Бір өкініштісі, осы шу министрліктің кейбір қызметкерлерінің аңдамай айтқан сөздерінен туындап жатады. (...) Есті, көзі ашық әке-шешеге менің маман ретіндегі айтар кеңесім: Білім министрлігі бекіткен ресми бұйрық шықпай, анау-мынауға елеңдеудің қажеті жоқ. Бұйрық жоқ болса - проблема да жоқ", - деді Бейсембаев. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети