12 қаңтар 2022 | 08:42

Мамандандырылған ХҚКО-лар ашылып жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

12 қаңтарда Қазақстанда үш өңірді қоспағанда, автокөлік иелеріне мемлекеттік қызмет ұсынатын мамандандырылған ХҚКО-лар іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Иконка комментария блок соц сети

12 қаңтарда Қазақстанда үш өңірді қоспағанда, автокөлік иелеріне мемлекеттік қызмет ұсынатын мамандандырылған ХҚКО-лар іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жұмыс кестесі - 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма).

Әзірше Алматы, Алматы және Жамбыл облыстарының мамандандырылған ХҚКО-лары ашылмады. Бұл өңірлердің ХҚКО-ларында қашан жұмыс басталатыны қосымша хабарланатыны айтылды.

"Автоқызметтер сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі болып қала береді. Қазір мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы қайта жанданып жатыр, тұтынушылардың келуін күтеміз. Сондықтан осы жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламын. Мамандандырылған ХҚКО-ларда дүрбелең туғызбау үшін осы қызметті пайдалануды ұсынамын", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Мамандандырылған ХҚКО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұтынушылар санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек, әлеуметтік қашықты сақтап, бетперде тағу қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети