Мамандандырылған ХҚКО көлік салығын тексере алатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамандандырылған ХҚКО көлік салығын тексере алатын болды ХҚКО. Фото ©Ярослав Радловский

Астана қаласының мамандандырылған ХҚКО инспекторлары көлік құралдарына салық берешегін өздігінен тексере алатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының мамандандырылған ХҚКО инспекторлары көлік құралдарына салық берешегін өздігінен тексере алатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.  

"Елорданың Халыққа қызмет көрсету орталығы қалалық Салық департаментімен бірлесе отырып, ХҚКО-ның базасында пилоттық жобаны іске асыратын болды. Осы жобаның шеңберінде инспекторлар көлік құралының иесінде салық берешегінің болуын тексере алатын болады. Айта кетейік, бұрын мұны тек Астана қаласының салық департаментінің қызметкерлері ғана жасайтын", - делінген хабарламада. Осылайша жаңа сервис азаматтарды көлік құралдарына салық төлемін растау үшін салық органдарына барудан құтқарады, сөйтіп, қызмет көрсету уақыты да қысқарады.

"Әзірге бұл жоба Астана қаласында ғана іске асырылады. Бірақ болашақта бұл жоба осындай мамандандырылған ХҚКО бар барлық қалаларда енгізілетін болады", - деп атап өтті "ХҚКО" РМК бас директоры Мұрат Айтуғанов.

Айта кетейік, Астана қаласы бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы 2013 жылғы қыркүйекте Елбасының автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру функцияларын ХҚКО қарамағына беру жөніндегі тапсырмасының аясында іске қосылды. Бүгінгі күні Астана қаласы мамандандырылған ХҚКО-сы күніне орташа есеппен алғанда 500 – 700 адамға қызмет көрсетеді. Сегіз ай ішінде астаналық мамандандырылған ХҚКО-да 12 910 жүргізуші куәлігі берілді, 89 910 автокөлік құралы тіркелді. Бүгінде осы іспеттес мамандандырылған ХҚКО-лар Алматы, Қарағанды, Тараз және Ақтау қалаларында жұмыс жасауда. 2015 жылдың басына қарай Қызылорда, Петропавл, Павлодар және Талдықорған қалаларында осындай 4 ХҚКО-ны іске қосу жоспарланып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети