Мамандар БҚО-да аспаннан құлаған беймәлім зат жайлы айтып берді

Мамандар Батыс ?аза?стан облысында аспаннан т?скен белгісіз зат жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. 

Мамандар Батыс Қазақстан облысында аспаннан түскен белгісіз зат жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. 

БҚО-ның Табиғатты қорғау басқармасы бастығының орынбасары Сырым Тілегеновтің айтуынша, қазір мамандар осы жерде жұмыс істеп жатыр.

"Алдын ала ақпараттар бойынша, ол заттар отын багының бөлшектерінен құлап түскен. Бұл жерде "Капустин Яр" сынақ полигоны зымыранды ұшыра бастады, оның бірінші бөлігі құлап бөлініп қалған. Бірақ ол "Капустин Ярдың" аумағына түсіп кетуі керек еді. Бір жерден ақау кеткен болар, сондықтан аймақтан тыс шығып кеткен", - деді ол.

Реклама
Реклама

Алдын ала деректер бойынша, фрагменттің диаметрі 3-тен 3-ке дейін болған.

Осыған дейін ТЖД өкілдері аспаннан беймәлім зат құлағаны жайлы хабарлаған болатын. "Халық арасында зардап шеккендер жоқ, мал қырылмаған, металл қалдығы елді мекеннен 16 шақырым жерде құлаған. Қазір Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мен экологтар жұмыс істеп жатыр. Нәтижесін кейін хабарлаймыз", - деген еді ТЖД баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанова. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама