05 шілде 2018 14:55

БҚО-да аспаннан беймәлім зат құлады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында аспаннан белгісіз зат түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында аспаннан белгісіз зат түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД ақпаратты бойынша металл фрагменті Қазталов ауданына құлаған. 

"Халық арасында зардап шеккендер жоқ, мал қырылмаған, металл қалдығы елді мекеннен 16 шақырым жерде құлаған. Қазір Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мен экологтар жұмыс істеп жатыр. Нәтижесін кейін хабарлаймыз", - деді ТЖД баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанова. 

Оның айтуынша, зат құлаған жерден өрт шыққан.

"Түңгі сағат 1.15-де Қазталов ауданының Қарасу ауылдық округінде шамамен 90 гектар жерде құрғақ шөп өртеніп жатыр деген хабар түскен. Өрт сағат 4-те сөндірілді. Оған бір техника, төрт өрт сөндіруші және 10 ерікті қатысыты. Апат себебі, кінәлі адамдар мен зардап мөлшері анықталуда", - деді Нұргүл Мұқанова.

"Мой город" порталы куәгерлерге сілтеме жасай отырып, жазыққа ракетаның қалдықтары құлап, өрт шыққаны туралы хабарлады.

"Алдымен біз аспаннан жарықты байқадық, белгісіз зат жарқырап, құлап келе жатты. Кейін ол қатты дауыспен Жалпақтал ауылынан алыс жерге құлады", - дейді Қазталов ауданының тұрғыны. Құлау барысында ол Жалпақтал ауылында түсірілім жүргізіп жүрген. 

Өлшемі үште үш метр металл қалдығы Қарасу мен Жұлдаз ауылының арасында құлаған. Сонымен қатар құлау орыннан бір шақырым жерден сынықтар табылды. Куәгерлердің айтуынша, "метеорит" құлағаннан кейін уақытша байланыс үзілген. 

"Шыныменде, 5 шілдеге қараған түні елді мекенге 16 шақырым жақын жерге металл қирандысы құлады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында экологтар мен ТЖД қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Толығырақ ақпарат зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін беріледі", - деді Қазталов ауданының әкімдігінде. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети