Мамандар Қазақстан тас жолдарында қозғалысқа жиі шектеу қойылу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Мамандар Қазақстан тас жолдарында қозғалысқа жиі шектеу қойылу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Кәсіпорынның мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстан тас жолдарында қозғалыс 121 рет шектелген. Ал 2014 жылы осы кезең аралығында жол қозғалысына 68 рет шектеу қойылған екен. "Қыс мезгілі басталғаннан бері күндіз күннің дереу жылып кетуі, кешкі және түнгі уақыттарда ауа температурасының күрт төмендеуі, қардың түсуі, жаңбырдың жаууы Қазақстан аумағында, соның ішінде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында көктайғақтың болуына әкеліп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
"Қазақавтожол" қысқы кезде табиғи құбылыстарға байланысты кәсіпорынның жұмыстар кешенін - адамдар жүретін жолды қардан тазарту, "жол тайғақ" жол белгісін орнату, адамдар жүретін жолдарға, соның ішінде жоғары көтерілетін, төмен түсетін, айналма жолдар, көше қиылыстары, автобус аялдамалары мен республикалық маңызы бар автожолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себу ұйымдастырылатынын хабарлады.
"Сонымен қатар, республикалық маңызы бар 23696 шақырым тас жолға көктайғаққа қарсы материал себу "Автомобиль жолдарын ұстау және жөндеудің техникалық ережесінде" қарастырылмаған және ол мүмкін емес", - деп хабарлады кәсіпорын.