“Мамасита, Жолшыбеков, AminaXO, JustKing миллиардтап жинаған“: Депутат блогерлер туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Мамасита, Жолшыбеков, AminaXO, JustKing миллиардтап жинаған“: Депутат блогерлер туралы айтты

Депутат Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс отырысында заңсыз лотерея өткізіп, табыс тапқан блогерлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс отырысында заңсыз лотерея өткізіп, табыс тапқан блогерлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың сөзінше, бүгінде ақшаға келгенде арды аттап кететіндер, байлыққа бұқараны алдап жететіндер аз емес.

"Ойыннан ойын шығарып, оны желіге жүктеп, халықты тақырға отырғызуды табыстың көзі қылғандарды ауыздықтау үшін "Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері туралы" заң жобасы жазылғанын білесіздер. Соның нәтижесінде 2024 жылы заңсыз лотерея ұйымдастырған 101 адамға 41 млн теңге айыппұл салынды. Оңай ақшаға құныққандардың көзін ақшаның шелі басқаны сонша - өзгелер от басқанын көрсе де, заңсыз лотерея ұйымдастыруды қояр емес. 2025 жылдың басынан бастап бүгінге дейін тағы 79 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 33,1 млнтеңге айыппұл салынды", - деді ол.

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, әлеуметтік желінің мүмкіндігін белсенді пайдаланатын инфлюенсер алаяқтар уақытша компаниялар құрып, пайдасыз видеокурстар дайындап, соны сату деген сылтаумен заңсыз лотерея ұйымдастырып жатыр.

"Қарапайым азаматтарды бұл заңсыз іс-әрекеттерге көптеп тарту үшін сыйлық ретінде пәтер, көлік, электроника мен смартфондар, тіпті зәулім коттедждер тігіп жатыр", - деді депутат.

Осы тұста ол бірнеше блогердің есімін атады.

"Оқырман саны 3 миллион болатын Дархан Жолшыбеков "darhanzholshybekov" парақшасы арқылы 300 миллион теңге тұратын зәулім үйіне заңсыз ұтыс ұйымдастырып, шамамен 1,5 млрд теңге жинаған. Ал оқырман саны 6,9 миллион болатын Әлия Байтуғаева "supermamasitа" парақшасы арқылы бірнеше рет бағалы сыйлықтар ойнатып, деректер бойынша 500 миллион теңге қаражат жинаған. Жалпы оқырманы 13 миллион болатын, "Justking31" және "AminaXO" Instagram парақшаларының иелері Нұртаза Нұрбек пен Амина зәулім үйлерін заңсыз лотерея ұйымдастыру арқылы сатып, 1,5 млрд теңге сомасында қаржы жинаған", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін блогерлер Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанәбіловке қатысты іс Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети