14 шілде 2021 | 17:36

Мамин 4 өңірде карантин шараларын күшейтуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©TENGRINEWS / Тұрар Қазанғапов ©TENGRINEWS / Тұрар Қазанғапов

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі ахуал туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан баяндады.

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі. COVID-19-бен сырқаттанушылар саны артуда. Коронавирустың дельта штаммының өсуі барлық аймақта тіркелген. Вирустың репродуктивтік индексі - 1,2, инфекциялық төсек орын жүктемесі - 43 пайыз, реанимациялық төсек орын - 35 пайыз.

Коронавирустың таралу қарқыны бойынша 12 өңір "қызыл аймақта" тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. "Сары аймақта" Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары, "жасыл аймақта" - Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары тұр. Бүгінгі таңда 4,6 млн-нан астам адам немесе вакцина алуға жататын адамдардың 46,5 пайызы бірінші компонентті, 2,5 млн-нан астам адам екінші компонентті алды. Халықты вакцинамен қамтудың ең төмен көрсеткіші Маңғыстау облысында - 23,6 пайыз, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 39 пайыздан байқалады.

ВАК ел бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің 55 пайызын құрайтын Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Қарағанды және Атырау облыстарында карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады:

  • Ashyq-қа қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және микроавтобус тасымалдары уақытша тоқтатылады. Жабық жағажайлар мен аквапарктардың, аттракциондардың қызметі тоқтатылады.
  • Демалыс күндері Ashyq-қа қатысатынына қарамастан, қоғамдық көліктің, СОСО-ның, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, спорт объектілерінің (спорт кешендерінің, спорт мектептерінің, спорт клубтарының, жаттығу залдарының), қоғамдық тамақтану объектілерінің, фудкорттардың (тамақ жеткізумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі), фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру нысандарының, сауналардың, моншалардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, цирктердің, алаңы 1000 м² асатын азық-түлік емес тауарларды сататын объектілердің, ашық және жабық базарлардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, түнгі клубтардың, білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалардың ойын-сауық орталықтарының, банктердің, ХҚКО-лардың, Қазпошта бөлімшелерінің, діни нысандардың жұмысына тыйым салынады.
  • Жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін балалар ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық ғимараттардағы аттракциондар), СОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, ашық және жабық базарлардың қызметі шектелген.
  • Жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін (Ashyq қатысушылары - сағат 20:00-ге дейін) қоғамдық тамақтану объектілерінің, фудкорттардың, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтарының, спорт объектілерінің, бассейндердің, кинотеатрлардың қызметі шектеледі.
  • Вакцина алған және соңғы 3 ай ішінде коронавирустан жазылып шыққан адамдарды қоспағанда, барлық ұйымдардың 80 пайыз қызметкері үшін қашықтан жұмыс істеу форматы енгізіледі.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарын жұмылдыру, оның ішінде резервтік төсек-орындарды, дәрі-дәрмектерді, жеке қорғаныш құралдарын, медициналық жабдықтар мен кадрларды қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысына ерекше назар аудару керек.

Премьер-министр өңірлердің әкімдіктеріне, әсіресе Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети