Мамин Әбу-Дабиге келді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© primeminister.kz © primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Әбу-Даби қаласына жұмыс сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) премьер-министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Асқар Мамин Әбу-Даби қаласына жұмыс сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) премьер-министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, көлік-логистика, агроөнеркәсіп, мұнай химиясы, ғарыш, тау кен металлургиясы, энергетика және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастық келешегін талқылады.

Келіссөз қорытындысы бойынша ҚР мен БАӘ үкіметтері арасында инвестиция мәселесіндегі ынтымақтастық жөніндегі құжатқа қол қойылды, бұл құжат $6,1 миллиардқа 21 жобаны жүзеге асыруды көздейді. 

Инвестициялық жобалар қосылған құны мен рентабельділігі жоғары, сондай-ақ ішкі және перспективалы сыртқы нарықтарда сұраныстың үлкен әлеуеті бар жаңа өндіріс орындарын құруды көздейді. Оларды іске асыру Қазақстанда жаңа сапалы жұмыс орындарын ашуға, озық технологиялар мен практиканы енгізуге жол ашады.

ҚР мен БАӘ АӨК секторындағы ынтымақтастық әлеуетін іске асыруға ерекше назар аударады – жоспарланған 21 жобаның 10-ы қосылған құны жоғары азық-түлік өнімдерін шығаруды көздейді. Бұл Қазақстанға БАӘ жүзеге асырып жатқан 2051 жылға дейінгі азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясының маңызды буынына айналуға мүмкіндік береді және екі ел арасындағы тауар айналымын одан әрі арттыруға ықпал ететін болады. Жұмыс сапарына ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, әділет министрі М. Бекетаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Ж. Мәдиев, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы А. Әріпханов және т. б. қатысты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro