Мамин әкімдер мен министрлерге бюджет шығындарын қысқартуға бір апта уақыт берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамин әкімдер мен министрлерге бюджет шығындарын қысқартуға бір апта уақыт берді © primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге бір апта ішінде өнімсіз бюджет шығындарын қысқарту бойынша ұсыныстар беруін тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге бір апта ішінде өнімсіз бюджет шығындарын қысқарту бойынша ұсыныстар беруін тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мемлекет басшысы өнімсіз бюджет шығындарын қысқартуды тапсырды, оның ішінде квазимемлекеттік секторда. Министрлер мен әкімдерге Қаржы министріне ұсыныс тастауға бір апат уақыт беремін. Қаржы министрлігіне екі аптадан соң үкімет отырысында өнімсіз бюджет шығындарын қысқарту бойынша жасақталған тәсілдеме туралы есеп беруі қажет", - деді Мамин үкімет отырысында. 

Осыған дейін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көлік сатып алу мен түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялауды ұсынды.

"Қымбат көліктер мен жиһаздар алу, түрлі форумдар, семинар мен мәслихаттар өткізуге кететін шығындарға ұзақжылдық мораторий жариялауды ұсынамын. Іс-шаралар тәжірибелік және идеологиялық пайда түсіруі керек. Үкіметке 1 мамырға дейін атқарылған жұмыстар туралы есеп беруді тапсырамын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети