Мамин Ақтау курорт аймағын дамытудың екінші кезеңін бастап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамин Ақтау курорт аймағын дамытудың екінші кезеңін бастап берді Фото: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Ақтау қаласының курорт аймағын дамытудың екінші кезеңін іске асыруды бастап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Ақтау қаласының курорт аймағын дамытудың екінші кезеңін іске асыруды бастап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ақтау курорт аймағының инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, жаңа қонақ үй-туристік кешендердің құрылысын бастап берді.

Ақтау қаласының курорт аймағының инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстар туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев баяндады.

Ақтау қаласының курорт аймағын дамытудың 2-ші кезеңі аясында әуежайдан келетін автомобиль жолын төрт жолаққа дейін кеңейту, газ құбырын, сондай-ақ сумен жабдықтау, су бұру және электрмен жабдықтау жүйелерін салу көзделген. 

Үкімет басшысы Ақтау қаласының курорт аймағының инженерлік және көлік инфрақұрылымын жүргізу жобаларының уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. 

Асқар Мамин отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп Fairmont, Double Tree by Hilton, Movenpick Hotels and Resorts брендтерімен салынатын отельдердің, гольф-клуб пен тақырыптық ойын-сауық паркі құрылысын бастау рәсіміне қатысты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети