23 мамыр 2020 | 19:08

Мамин Алматы облысының дамуын тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: primeminister.kz Сурет: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы және су шаруашылығының, сондай-ақ тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның дамуын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы және су шаруашылығының, сондай-ақ тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның дамуын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақсу ауданында А. Мамин жобалық қуаттылығы 42 миллион куб метр болатын Қызылағаш су қоймасының реконструкциясымен танысты. Алдағы вегетация кезеңінде су қоймасы суармалы жерлердің аумағын кеңейтіп, сумен қосымша 7 мың гектар алқапты қамтамасыз етуге жол ашады. 

Үкімет басшысына Алматы облысының ирригациялық жүйесін жаңғырту жобалары туралы баяндалды. Өңірде 356 гидротехникалық құрылғы жұмыс істейді, ирригациялық желілердің ұзындығы - 16,6 мың шақырым.

Каналдарды, тоғандар мен гидротораптарды жөндеу және реконструкциялау бойынша жоспарланған жұмыстар 2028 жылға қарай 137,8 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Биыл су шаруашылығы нысандарын дамытуға облыстық бюджеттен 2,1 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде 1,4 миллиард теңге 9 нысанды күрделі жөндеуге бөлінген. Ислам даму банкінің қаражаты есебінен суару желілерін реконструкциялау жұмыстары Ескелді, Ақсу, Алакөл және Көксу аудандарында жүргізіліп жатыр. 

Премьер-министр Алматы облысының Балқаш, Ескелді және Талғар аудандарының жетекші шаруа қожалықтарының тәжірибелік демонстрациялық алаңдарын, сүт-тауар фермаларын және материалдық-техникалық базасын аралап көрді.

Маминге өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария салаларындағы отандық ғылыми-зерттеу институттарының әзірлемелері, қарқынды егіншілік, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы, ет пен сүт өндірісін кеңейту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту жобалары таныстырылды.

Биыл Алматы облысының агроөнеркәсіп кешенінде 42 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 2020 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 2,3 пайызға, азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 14,2 пайызға, ал АӨК өңделген өнім экспорты 27,6 пайызға өсті. 

Талдықорған қаласында Премьер-Министр тұрғын үй инфрақұрылымының дамуын, өңірді газдандыру жұмыстарының барысын, сондай-ақ "Нұрлы жол", "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламаларының іске асырылуын және т. б. тексерді.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети