Мамин Қазақстан шекарасын күшейтілген бақылауда ұстауды жалғастыруды тапсырды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамин Қазақстан шекарасын күшейтілген бақылауда ұстауды жалғастыруды тапсырды Сурет: Primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып тұрғанын айтты. Коронавирус инфекциясынан ауырып жатқан науқастардың саны азайып жатыр, инфекциялық төсек-орындар - 24 пайыз, реанимациялық төсектердің 21 пайызы толы.

Қазір коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша өңірлердің көбі "жасыл аймақта" орналасқан. Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары аймақта", Ақмола облысы "қызыл аймақта" тұр.

Сурет: Primeminister.kz

Бүгінгі таңда 8,8 миллионнан аса адам вакцинаның бірінші компонентін алды - бұл ересектердің 77,5 пайызы, сондай-ақ, 8,2 миллионнан аса адам немесе ересектердің 72,4 пайызы екінші компонентін алды.

Үкімет басшысы вакциналау қарқыны төмен Маңғыстау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында халықты вакциналаумен және ревакцинациямен қамтуды ұлғайтуды тапсырды.

Әкімдіктерге денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен бірлесіп, халық арасында ревакциналау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.

"Коронавирус инфекциясынан қорғанудың негізгі тиімді құралы - вакцина алу мен ревакциналау", - деді А. Мамин.

Шетелде вирустың жаңа штамының таралуын ескере отырып, премьер-министр елге сырттан келетіндерге мемлекеттік шекарада күшейтілген бақылауда ұстауды жалғастыруды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети