Мамин "Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр - әлемдік ғарышкерлік бесігі" форумына қатысты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин "Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі" форумының ашылуына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин "Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі" форумының ашылуына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үкімет басшысы "Роскосмос" корпорациясының басшысы Д. Рогозинмен және "One Web" компаниясының қаржы директоры Т. Уэйнмен кездесулер өткізді, олармен Қазақстанның ғарыш саласын дамыту мәселелері талқыланды. 

"Елбасы Н. Назарбаев пен Президент Қ. Тоқаев "Байқоңыр" ғарыш айлағының инфрақұрылымын дамытуға және оны алдыңғы қатарлы стандарттарға сәйкестендіре отырып, жаңғыртуға ерекше көңіл бөледі", - деді А. Мамин Форумның ашылуында. 

Үкімет басшысы әлемнің алғашқы ғарыш айлағы өзінің дамуының жаңа кезеңі қарсаңында екенін, бұл күштерді, идеяларды және серіктестік қолдауды шоғырландыруды қажет ететінін атап өтті.

"Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Франция кәсіпорындарының кооперациясы аясында түрлі мақсаттағы спутниктерді құрастыруға және сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру аяқталуға жақындап қалды. Бұл жоба тұрақты және ұзақ мерзімді қазақстандық-француз өнеркәсіптік кооперациясына арналған", - деді А. Мамин.

Премьер-министр қазақстандық кәсіпорындар мен ведомстволардың БАӘ, Түркия, АҚШ, Иордания, Оңтүстік Корея, Украина, Ұлыбритания, Жапония, Қытай және басқа да көптеген елдердің ғарыш саласындағы ұйымдармен жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жуырда Жерді дистанциялық зондтау деректерімен алмасу, ЖДЗ жерсеріктік топтамаларын бірлесіп өндіру және коммерцияландыру бойынша ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр. 

"Біз байланыс жерсерігін өндіру бойынша өнеркәсіптік кооперацияға, Байқоңыр ғарыш айлағында бірлескен инвестициялық коммерциялық жобаларды жүзеге асыруға ашықпыз", - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Форум қатысушыларымен Қазақстанның байланыс ғарыш жүйелерін және ЖДЗ қаржыландыруды 300 миллион доллар дейін жеткізу бойынша жоспарларымен бөлісті, оның ішінде жеке капиталды тарту көзделген. Жақында Байқоңыр ғарыш айлағында "Бәйтерек" экологиялық қауіпсіз ғарыш зымыран кешенін құру бойынша ауқымды жобаны іске асыру басталады, бұл кешен ресейлік тараптың бастамасымен "Назарбаев старты" деп қайта аталды. 

"Байқоңыр ғарыш айлағында №1 “Гагарин старты” старттық алаңын жаңғырту бойынша жобаны пысықтау жүргізілуде", - деді А. Мамин.

"Қазақстандағы ғарыш күндері" халықаралық форумы жыл сайын 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы іс-шараға әлемнің 25-тен астам елінен 650 қатысушы - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылары, ҚР Парламентнің Мәжіліс және Сенат депутаттары, Қазақстан Республикасының ғарышкерлері, шетелдік мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері, "Роскосмос", "Airbus Defence and Space" корпорацияларының өкілдері, отандық және шетелдік ұйымдар: "М. В. Хруничев атындағы МҒҒӨО", "М.Ф. Решетнев атындағы АЖЖ" АҚ, "Транстелеком", "One Web", "Thales Alenia Space", SES, "Leica Geosystems, Satrec Initiative", "Eutelsat" және басқалары қатысты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro