10 қараша 2021 11:57

Мамин қазақстандықтарға алғыс айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысын өткізді. Онда ұлттық халық санағының алдын ала қорытындысы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысын өткізді. Онда ұлттық халық санағының алдын ала қорытындысы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов халық санағын өткізу жөніндегі жұмыстың аяқталғаны туралы баяндады.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, халықтың 60 пайызға жуығына дәстүрлі санақ жүргізілген. Елімізде тұңғыш рет халық санағы электрон түрде өткізілді. Халықтың 40 пайыздан астамы санаққа sanaq.gov.kz сайтында электрон санақ парақтарын өздері толтыру арқылы қатысқан.

Халық санағына санақ персоналының 25 мыңға жуық адамы, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері мен орталық аппаратының қызметкерлері қатысты. Алдын ала қорытындысы барлық тексеру аяқталғаннан кейін желтоқсанның аяғында шығарылады. Үкімет басшысы күрделі эпидемиологиялық жағдайларда өткен ұлттық халық санағы мейлінше сапалы ұйымдастырылғанын айтты.

"Премьер-министр қазақстандықтарға осы маңызды науқанға белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері мен осы науқанға жұмылдырылған азаматтарға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді", - делінген үкімет басшысы сайтында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети